Аудитор

Корпоративный университет "Самрук Казына" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта (каз) Полная занятость (каз), Полный день (каз)
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
206

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бизнес-жоспарды/серіктестіктің даму жоспарын жоспарлау:
    • Серіктестіктің Бизнес-жоспары мен Бюджетінің жобасын әзірлейді (оған түзетулерді қоса);
    • Бизнес-жоспарды Серіктестіктің Бақылау кеңесінің қарауына бекіту мәселесі бойынша материалдар дайындайды;
    • Ақша қаражаты қозғалысының болжамын қалыптастырады.
  • Өзіндік құнды есептеу:
    • Геологиялық барлау жұмыстарын қызмет түрлері бойынша (бұрғылау, геофизикалық жұмыстар және т.б.) өзіндік құн құрылымын экономикалық тұрғыдан негізделген түрде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
    • Бекітілген шығын нормаларын ескере отырып, жобалар/объектілер бойынша жоспарлы өзіндік құнды есептейді.
    • Бастапқы есептік деректерді жинауды, тексеруді және жүйелеуді қамтамасыз ете отырып, нақты өзіндік құнды есептеуді ұйымдастырады.
  • Бизнес-жоспарлау, бюджеттеу, сметалар және өзіндік құнды айқындау процестерінің әдістемесін әзірлеу және жетілдіру:
    • Бизнес-жоспарлау және бюджеттеу процестерінің әдістемесін әзірлейді және жетілдіреді;
    • Тарифтік сметаларды қалыптастыру, тауарлық өнімнің өзіндік құнын айқындау, лимиттер және шығындарды бөлу процестерінің әдістемесін әзірлейді және жетілдіреді.
  • Бизнес-жоспардың/серіктестіктің даму жоспарының орындалуы туралы есеп:
    • Даму жоспары мен Серіктестіктің Бюджетінің орындалуын мониторинг жасап, талдау жүргізеді;
    • Серіктестіктің Бизнес-жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есепті қалыптастырады және оны белгіленген тәртіппен Серіктестік басшылығына ұсынады;
    • Серіктестіктің Бизнес-жоспарының орындалуы туралы ай сайынғы жедел есепті белгіленген мерзімдерде қалыптастырады.
  • Серіктестіктің жылдық бюджеті жоспарлау және орындау:
    • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің Жылдық бюджетті түзетуге қатысты өтінімдерін қарайды және келіседі;
    • Серіктестіктің Бақылау кеңесінің қарауына Серіктестіктің Жылдық бюджетін бекіту және/немесе түзету туралы, сондай-ақ оның орындалуы туралы есеп бойынша материалдарды шығарады.
    • Серіктестік қолданыстағы жасалған шарттар шеңберінде орындаушы болып табылатын объектілер бойынша жобалардың бюджеттерін, шығындар сметаларын, қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және орындауын мониторингтеу.
    • Ақша қаражаты қозғалысының болжамын қалыптастырады.
  • Бизнес-нәтижені модельдеу және мақсатты қаржылық параметрлерді дайындау:
    • Келісілген бизнес-жоспар мен Серіктестіктің стратегиясы шеңберінде функционалдық бөлімшелермен бірлесіп Серіктестіктің болашақ қаржылық нәтижесін модельдейді және басшылық үшін мақсатты қаржылық параметрлерді дайындайды.
  • Бизнес-процестерді оңтайландыруға қатысу:
    • Қаржылық ақпаратты талдау негізінде процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырудың мүмкін көздері мен тетіктерін айқындайды;
    • Тиісті жобаларды бастамашылық етеді және олардың орындалуына қол жеткізеді;
    • Бағыттар бойынша әдістемені, ВНД, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу процесін қамтамасыз етеді.
  • Серіктестіктің қаржылық ағындарын басқару:
    • Касса бюджеті, Серіктестіктің Төлем күнтізбесін қалыптастырады және олардың орындалуын мониторингтейді;
    • Бекітілген Серіктестіктің Жылдық бюджетіне сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ете отырып, төлемдер тізілімін қалыптастырады;
    • Серіктестіктің есеп айырысу және төлем міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді, Серіктестіктің төлем қабілеттілігіндегі болып жатқан өзгерістерді өз қаражатының жай-күйін қадағалай отырып уақтылы көрсетеді;
    • Ақша қаражаты позициясының мөлшері туралы ақпаратты жинау және талдау процесін жүргізу тәртібін айқындайды, кассалық алшақтықтардың туындау қаупін ерте кезеңде анықтайды, уақытша бос ақша қаражатын орналастырудың тиімділігін (бұдан әрі – УБА), орналастырылған УБА-ның әртараптандырылу дәрежесін және ақша қаражатының артықтығын айқындайды;
    • Алынған ақпаратты өтімділік болжамдарын қалыптастыру кезінде бастапқы дерек ретінде пайдаланады, Серіктестік деңгейінде УБА орналастыру бойынша жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуларды бақылайды;
    • Ерте кезеңде мүмкін болатын тәуекелдерді, теріс үрдістерді анықтайды және оларды барынша азайту құралдарын айқындайды;
    • Корпоративтік орталықтың шетел валютасын конвертациялау көлемдері мен жоспарлары туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады, ақпараттық-талдамалық жүйеде конвертацияға өтінімдерді қалыптастырады, Серіктестіктерге қызмет көрсететін банк-контрагенттердің банк тарифтері бойынша және Қоғамның ДЗО қазынашылық бөлімшелерінен алынған ақпаратты өңдейді;
    • ДЗО-дан Серіктестікке берілген ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы есепті талдайды;
    • Ақша қозғалысы туралы есепті қалыптастыру бөлігінде Даму жоспарларының, еншілес және тәуелді ұйымдардың Бюджеттерінің орындалуын талдауға және мониторингтеуге қатысады.
  • Баланс құрылымын, қазынашылық және кредиттік тәуекелдерді басқару:
    • Тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшеге тәуекелдердің жай-күйі және тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуы туралы уақтылы әрі толық ақпарат ұсынады.

Талаптар:

  • Білімі - Қаржы/экономика саласында жоғары білім
  • Жұмыс тәжірибесі - Бюджеттік жоспарлау және талдау/бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында кемінде 2 жыл
  • Қажет сертификаттың болуы (қалаулы) CFA/DipIFR/ACCA/CIMA
  • Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
    Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңын білу;
    Тау-кен-металлургия саласының өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;
    Өндірістік-шаруашылық қызметтің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды (қаржылық модельдеу) білу;
    Бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртібін, Серіктестік пен оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістерін, активтерді, сметаларды жасау және есептеудің тәртібін, тауарлық өнімнің өзіндік құнын айқындау тәртібін білу;
    Қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын (ХҚЕС) білу;
    Қаржы институттарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
    1С, SAP жүйелерінде жұмыс тәжірибесінің болуы (қалаулы);
    Қазақ және орыс тілдерін меңгеру.